Қазақстандықтардың қолдауын сездім – Илья Мизерных Олимпиададағы жеңісі туралы
16 жасар алматылық Илья Мизерных жуырда Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Спортшының өзі мұндай нәтиже күтпегенін, бірақ алдына үлкен мақсаттар қойғанын айтады.
Мен жаттықтырушының нұсқауын мүлтіксіз орындадым. Бапкерім не істе десе, соны айнытпай қайталадым. Әу бастан-ақ үздік үштікке енемін деп алдыма мақсат қойдым. Сөйтіп, нәтижиесінде бірінші орын алдым. Бұл керемет. Шын ниетіңмен қаласаң үлкен жетістікке жетуге болатынын түсіндім, - деді Илья Мизерных.