Мерей Базарбаев — әлем чемпионы

Мерей Базарбаев — әлем чемпионы

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Мерей Базарбаев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған отандасымыз финалдық белдесуде түркиялық Бекир Кесермен кездесті.

Шешуші белдесуде Мерей Базарбаев қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.