logo

Канвон-2024: 26 қаңтар күні жарыс алаңына кімдер шығады?

Канвон-2024: 26 қаңтар күні жарыс алаңына кімдер шығады?

26 қаңтар күні Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың 3 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Атап айтсақ, тау шаңғы спорты, фристайл могул және конькимен жүгіруден сынға түседі.

Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Тау шаңғы спорты.

8:00. Аралас жұптық бәсеке.
Александра Скороходова
Ростислав Хохлов
Фристайл могул.

10:00. Аралас жұптық бәсеке.

Денис Раструба
Юлия Феклистова
Конькимен жүгіру.

8:30. Ұлдар/қыздар. Масс-старт

Руслан Жанәділов
Михаил Матрюхин
Кристина Шумекова
Алина Шумекова

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды. Канвон провинциясының Каннын қаласында өтетін жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап жатыр.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800 спортшы 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салуда.



Күн шежіресі