Танымал спортшы 20 жасында тұмаудан қайтыс болды

Танымал спортшы 20 жасында тұмаудан қайтыс болды

Ресейлік шорт-трекші Анастасия Середа 20 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды sportplustv.kz.

Анастасия Середа шорт-трек бойынша талантты спортшылардың қатарына кіреді. Ол эстафеталық команда құрамында Ресей кубогында жеңіске жетті.

Қаралы хабар Ресей конькимен жүгірушілер одағының Telegram арнасында жарияланды.

Анастасия Середа көз жұмды. Туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.

Кейін одақтың баспасөз қызметі спортшының тұмаудан ажал құшқанын хабарлады. Жерлеу рәсімі 8 қаңтарда Саранскіде өтеді.



Күн шежіресі