Президент Илья Мизерныхты қысқы жасөспірімдер ойындарында алтын алғанымен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Илья Мизерныхты Канвондағы (Оңтүстік Корея) қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Илья Мизерныхты шаңғымен трамплиннен секіру бойынша жарыстарда жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін тарихтағы алғашқы алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады. Мемлекет басшысы чемпионға жаңа жеңістер мен жетістіктер, сондай-ақ Канвондағы ойындарға қатысатын басқа да отандық спортшыларға табыс тіледі», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Трамплиннен шаңғымен секіру бойынша Қазақстанның өкілі Илья Мизерных Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды.