Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте көтерілді
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының өкілі Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін спортшы 13-орыннан 11-орынға көтерілген. Бұған оның жуырда Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы жеңісі себеп болды. Алтын жүлдегер 300 ие болды.
Рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында Као Миура тұр.