Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы АҚШ-та күміс алды
АҚШ-тың Юта штатында (Солт-Лейк-Сити) конькимен жүгіруден өтіп жатқан 4 құрлық чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин, Никита Важенин мен Артур Галиев (резервте) квартеті тек чемпион атанған Канада құрамасынан 3,17 секунд қалып, екінші орынға табан тіреді. Ал үздік үштікті Оңтүстік Корея конькишілері қанжығаларына байлады.
Айта кетейік, биыл аталған додаға 8 мемлекеттен келген 80-ге жуық спортшы сынға түсіп жатыр.