logo

Қазақстандық шабуылшы литвалық клуб сапында көзге түсті

Қазақстандық шабуылшы литвалық клуб сапында көзге түсті

20 жастағы қазақстандық Хамза Якуди ойнайтын «Бабрунгас» Литваның Бірінші лигасының 16-турында «Гарляву» командасын өз алаңында 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Якуди «Гарляву» командасына қарсы ойында алаңға 71-минутта шықты және үш минуттан кейін голдың авторы атанды. Шабуылшы оң жақ қанаттан пас алып, жақын қашықтықтан допты торға бір соққымен жіберіп, есепті 4:0 етті. Ойын «Бабрунгас» командасының 5:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Хамза Якуди осы маусымда Литваның Бірінші лигасында 14 матч өткізіп, 3 гол соқты. «Бабрунгас» 29 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр.



Күн шежіресі