logo

«Жеңіс» елордада «Ақтөбені» тоқтатуға тырысады. Қазақстан кубогы «Жеңіс» - «Ақтөбе» матчының тікелей эфирі

«Жеңіс» елордада «Ақтөбені» тоқтатуға тырысады. Қазақстан кубогы «Жеңіс» - «Ақтөбе» матчының тікелей эфирі

«Жеңіс» Қазақстан чемпионаты аясында ең достық көңілді команда ретінде көзге түсуде — маусым басталғалы төрт матчтың барлығын тең аяқтады, оның үшеуі 0:0 есебімен тәмамдалды.

Ал «Ақтөбе» Суперкубоктағы жеңілістен кейін чемпионатта үш жеңіске жетіп, бір ойынды тең нәтижемен аяқтады. Соңғы екі ойында Умаев пен серіктестері 8 гол соқты.

Осылайша, Қазақстан кубогы аясында елордада чемпионаттың ең мықты қорғаныстарының бірі саналатын команда мен үздік шабуылдардың біріне ие ұжым кездеседі.

Жеңіс кімнің жағында болмақ? Бұл сұрақтың жауабын 13 сәуір күні сағат 17:00–де білеміз. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube арнасында қолжетімді болады.

Барлық платформалардағы трансляция 16:30–да басталады, себебі «Астана Арена» стадионынан студиялық бағдарлама жүргізіледі.