Қазақстандық футболшы жаңа клубы үшін алғашқы голын соқты
Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев белоруссиялық «Минск» сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Минск» өз алаңында «Гомельді» 3:1 есебімен жеңді. Васильев бастапқы құрамда алаңға шығып, тоғызыншы минутта есеп ашты.
Еске салайық, Владислав Васильев осы жылдың тамыз айында «Динамо» Минсктен кеткеннен кейін «Минск» клубына ауысқан болатын. Ол жаңа командасы үшін Беларусь чемпионатында төрт матч өткізді.