logo

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындарда тұңғыш рет алтын алды

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындарда тұңғыш рет алтын алды

Қазақстандық спортшы Илья Мизерных Канвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынды сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты. Екінші орында австриялық Никки Хамл, ал үшінші сатыда польшалық Лукас Лукащук жайғасты. 

Илья Мизерныхтың жетістігі Қазақстан үшін тарихи. Себебі еліміз бұған дейін қысқы жасөспірімдер ойындарында алтын алған емес.