Стенд ату: жақында отбасын құрған спортшы жұп Париж жолдамасына таласады
12-23 қаңтар аралығында Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды sportplustv.kz.
Аталған турнирде 8 олимпиадалық квота сарапқа салынады. Яғни, әр жаттығу түріне екі жолдамадан берілмек. Қазақстан атынан «трап» және «скит» бағдарламсы бойынша 18 спортшы қатысады.
Стенд атудан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан командасының құрамы:
Трап: Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамамбетова, Анастасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлішер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Коенченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев.
Скит: Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедалиев, Илья Пенков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко.
Жақында шаңырақ көтерген Әлішер Айсалбаев пен Әсем Орынбай да Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.