Қазақстан шорт-тректен Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстан ерлер құрамасы шорт-тректен Әлем кубогында 5000 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Жарыстың алтын жүлдесін Италия құрамасы жеңіп алса, күміс медаль Канада командасына бұйырды.
Қазақстан сапында Әділ Ғалияхметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.