Қазақстан құрамасына үміткер футболшы «Тобылға» көшеді
«Атырау» футбол клубының футболшысы Наурызбек Жагоров қостанайлық «Тобылға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport+.
26 жасар әмбебап футболшы өткен маусымда барлық жарыстарда 31 матч өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас авторы атанды.
Наурызбек Жагоров — «Атырау» футбол клубының түлегі. Еліміздің барлық жастағы құрамаларында өнер көрсетіп, қазір Қазақстан құрамасына үміткер болып саналады.