Станислав Черчесов Ресейге оралуы мүмкін
«Рубин» клубының бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов «Спорт День за Днем» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің «Ахматқа» келуі мүмкін екендігін алға тартты, деп хабарлайды Sport +.
24 қарашада РПЛ-ның 16-турында «Ахмат» сырт алаңда Самараның «Крылья Советов» клубына есе жебіріп (1:2), қатарынан үш матчта жеңілді. Қазір ұжым 9 ұпаймен 15-орында келеді. Осы орайда Попов Грозный клубының тығырықтан шығуына Черчесов көмектесе алады деп санайды.
«Клуб Черчесовті бас бапкерлікке қарастырып жатыр. Черчесовтің «Ахматқа» ауысуы мүмкіндігі жайлы ақпарат текке шыққан жоқ қой. Ол «Ахматтың» чемпионаттан шығып қалмауына көмектесетіні анық. Черчесовтің алғашқы алтылыққа таласуға тырысатыны сөзсіз», - деді Попов.