logo

Қазақстан Кубогының финалы Алматыда өтеді

Қазақстан Кубогының финалы Алматыда өтеді

2024 жылғы Қазақстан Кубогының финалдық матчы Алматыда өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Финал 29 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Орталық» стадионда өтеді. Бұл турнир тарихында Алматыда өтетін 15-ші финал болмақ.

Шешуші ойында «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары кездеседі. Бұған дейін екі клуб та бір реттен бұл трофейді жеңіп алған: «Ақтөбе» 2008 жылы, ал «Атырау» 2009 жылы.



Күн шежіресі