Қазақстан дзюдодан халықаралық турнирді қабылдайды
22 маусымда Астанада Данияр Макишевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.
Сайыс 20 жасқа дейінгі қатысушылар арасында жеті салмақ дәрежесінде өтеді. Жарысқа қатысушылар 60, 66, 73, 81, 90, 100 және 100 килограмнан жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыларды анықтайды.
Айта кету керек, бұл турнир Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болып табылады.
Халықаралық турнир Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.