Қазақстан бокс құрамасы Таиландтағы Азия чемпионатында алғашқы жеңілісіне ұшырады
Қазақстан құрамасының боксшысы Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+.
Ширек финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы тәжікстандық боксшы Акмал Убайдовпен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Убайдовқа берді.
Бұл жеңіліс Қазақстанның ерлер командасы үшін осы турнирдегі алғашқысы болды.