Қазақстан Азия чемпионатында бір спортшысынан айырылды
Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова (50 келі) денсаулығына байланысты Азия чемпионатындағы бүгінгі жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport+.
Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, спортшыға «орта дәрежелі жіті гастроэнтерит, ішек синдромы» диагнозы қойылып, жарысқа қатысуына рұқсат берілмеді.