logo

Мырзабосыновтың үмітін ақтаймын: Серік Сәпиев

Мырзабосыновтың үмітін ақтаймын: Серік Сәпиев

Қарағанды облысының спортына жауапты басқарма басшылығына тағайындалған Серік Сәпиев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport +.

Бұған дейін спорт саласында жауапты қызметтер атқарған ол бұл жолы облыс спортын өркендетуге аса ниетті екенін көрсетті.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне кірістім. Менің кандидатурамды ҚР Туризм және спорт министрлігінде арнайы комиссиямен келіскеннен кейін өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тағайындау туралы өкімге қол қойды. Сенім білдіргеніне рахмет! Министр Ербол Мырзабосыновтың да үмітін ақтаймын. Өзекті мәселелерді шешіп, жаңа, ауқымды әрі қызықты жобаларды іске асыратын боламыз. Ұсыныстарға ашықпын. Сарыарқаны спорттық аймақ етейік», - деп жазды шенеунік әлеуметтік желіде.