Наталья Богданова бокстан Азия ойындарында қола медальға ие болды
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін үндістандық Ловлина Боргохайнмен қолғап түйістірді.
Тартысты жекпе-жекте Үндістан өкілі 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал Наталья Богданова жарысты қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.