logo

«Қазақстан Барысы» атанған балуан сынға қалды

«Қазақстан Барысы» атанған балуан сынға қалды

Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Баянауылда өткен үлкен республикалық қазақ күресінен түйе палуандар белдесуінде есе жіберген Еламан Ерғалиев жанкүйерлер сынына ұшырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазақстан Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы бұл сында жергілікті спортшымен күресте келісім бойынша жеңісті бере салғандай әсер қалдырған. Ол алып денесі мен толағай күшіне қарамастан өзінен едәуір жеңіл балуанмен күресіп, қарсыласпастан әдіске түсіп, таза жеңілді.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде мықты балуанның бұл жеңілісін ащы сынға алған жанкүйерлері пікір жаза бастады.

«Екеуі алдын ала келісімшарт жасаған ғой», «Келісіп күрескені көрініп тұр», «Мұндай да болады екен», «Өтірік күресу деген осы», «Құлай салғаны қызық болды», «Өліп кетейін, әртіссің», деген мағынада жазбалар жазып қалдырған.

Еламан Ерғалиев аса ауыр салмақта қазақ күресінен және дзюдодан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жүлде алған. Сонымен бірге, ол көптеген халықаралық турнирдің жүлдегері.