Күрестен Қазақстан әйелдер командасы Испанияда төрт медаль жеңіп алды
Мадридте өткен Испания Гран-приінде Қазақстанның әйелдер күрес командасы төрт медальмен оралды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Біздің спортшылар халықаралық жарысты үш күміс және бір қола медальмен аяқтады.
Ирина Казюлина (65 келіге дейін), Жамиля Бакбергенова (72 келіге дейін) және Эльмира Сыздыкова (76 келіге дейін) күміс медаль алды.
Лаура Алмағанбетова (57 келіге дейін) Гран-при турнирінде қола медаль иеленді.