logo

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізеді

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізеді

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынына кіріседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

21 шілде күні Алматы облысындағы Олимпиадаға  даярлау орталығында құрама команда Олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізеді. 

Содан соң, балуандар Парижге жол тартады. 

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан еншісінде 4 жолдама бар. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) квота иеленген. 

Кеше 57 келідегі Мейрамбек Қартбайдың  да Олимпиадаға баратыны анықталды.