logo

«Қайсар» тәжірибелі қақпашыны қатарына қосты

«Қайсар» тәжірибелі қақпашыны қатарына қосты

Қызылордалық «Қайсар» 37 жасар қақпашы Арам Айрапетянды құрамына қосты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Арам Айрапетян өзінің мансабында «Сочи», «Кузбасс», «Смена», «Бананц», «Арарат», «Урарту», «Пайкан» және «Мақтаарал» клубтарында өнер көрсеткен.

Ол сондай-ақ Армения құрамасында 16 матч өткізген.

Қазақстандық жанкүйерлерге Айрапетян «Атырау» клубында 2021-2022 жылдар аралығында ойнымен танымал.