logo

Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан мен Армения құрамалары ойнайды

Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан мен Армения құрамалары ойнайды

Бүгін, 7 маусымда футболдан Қазақстан және Армения құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді.

Жолдастық кездесуде грузиялық Гога Кикачеишвили бастаған төрешілер бригадасы жұмыс істейді.

Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте өзара кездесті. Оның төртеуінде Армения жеңіске жетсе, екеуінде Қазақстан басым түсті. Бір ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 103-орында тұрса, Армения 95-орында келеді. 

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады. 

Сондай-ақ ел құрамасы 11 маусымда Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салсақ, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.