«Қайрат» су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жолдайды
Алматының «Қайрат» футбол клубы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға ақшалай көмек көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Әлеуметтік желіде 13 сәуір күні, Алматыда, Қазақстан Кубогы аясында өтетін «Тұран» командасымен кездесудің аңдатпасы жарияланды.
«Қайрат» клубының хабарламасына сәйкес, билет сатылымынан түскен қаражат Қазақстанның бірнеше аймағында апат салдарынан үйінен айырылып, қиын жағдайға тап болған халыққа жіберіледі.
Бұған дейін дәл осындай қадамға «Астана» баскетбол клубы, «Ақтөбе» және «Тобыл» футбол клубтары да барған еді.