logo

Түрік жанкүйерлері Зайнутдиновтың ойынына риза емес

Түрік жанкүйерлері Зайнутдиновтың ойынына риза емес

"Бешікташ" клубының жанкүйерлері сырт алаңда өткен "Истанбул Башакшехир" (1:1) командасымен ойынның нәтижесіне риза емес, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Vesti.kz cайтына сілтеме жасай отырып.

Түркия Суперлигасының 31 туры аясында өткен матчта Омар Колли 16-минутта гол соққанымен, алаң иелерінен 90+5-минутта Эмирхан Ильхан қарымта доп салды.

Осы матчтан кейін кейбір жанкүйерлер клуб басшылығын құрамды тазалауға шақырды. Тіпті біреуі қазіргі бас бапкер мен қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновті де тізімге қосқан.

Қазірдің өзінде командадан шығуы мүмкін ойыншылар: Фернанду Сантуш, Дженк Тосун, Салих Учан, Рашид Геззаль, Умут Мераш, Гекхан Инлер, Утку Ювакуран.