Андрей Финонченко «Астанамен» ойын туралы: Команда бұл жеңіске лайық болды
Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Финонченко футболдан Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының 4-турында «Астананы» жеңген сенсациялық жеңісіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Мен жігіттерді және бүкіл Қарағандыны осы маусымдағы алғашқы жеңісімен құттықтағым келеді. Футболшылардың берілгіп ойнағанына, олар алаңға қалай шыққанына, ойынға қандай көзқараспен шыққанына ризамын. Бүгін олар бұл жеңіске лайық болды, мен ризамын. Сонымен қатар бүгін команданы қолдаған көптеген қарағандылық жанкүйерлер жиналды, олар команданы жақсы көретінін білемін. Болашақта біз олардың көңілін түсірмеуге тырысамыз, тек алға!» - деді Финонченко ойыннан кейін.
«Шахтер» елордалық клубтың бұрынғы ойыншысы Рохер Каньястың керемет голының арқасында «Астанадан» басым түсті.
Чемпионаттың 3-турынан кейін Игорь Солошенко «кеншілердің» бас бапкері қызметінен кетті. «Шахтер» үш ұпай жинап, турнир кестесіндегі соңғы орыннан көтерілді.