Қайрат Сәтжанов Бибосыновтың Азия чемпионатында өзбек боксшысынан жеңілу себептері туралы айтты
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sport+ телеарнасының тікелей эфирінде Сәкен Бибосыновтың жарақаты туралы айтты.
— Азия чемпионатында кем дегенде 5 алтын медаль, ал басты мақсатымыз 7 алтын медаль аламыз деген ой болды. Сол чемпионатта Сәкен Бибосынов қыздырынып жүріп, аяғынын артқы бұлшық етін үзіп алды. Оған ауырсынуды басатын дәрі егіп, шаршы алаңға шығардық. Ол қиналсада, өнер көрсетіп шықты. Қазақстанға қайтып келгеннен кейін, Сәкеннің жарақатын МРТ-ға түсірдік. Оған енді операция жасау керек деп жатыр. Ол жекпе-жекке жарақатпен шығып, жеңілді, бірақ өзінің қарсыласынан бір бас жоғары, - деді Сәтжанов.