Теміржанов, Бекбауов, Сабырхан және басқалар. Бокстан Қазақстан чемпионатының бірінші күнінің тікелей эфирі
18 желтоқсанда Қарағандыда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады.
Соңғы Азия чемпионатының жүлдегерлері чемпионатқа қатысудан босатылды, бірақ оларсыз да әуесқой және кәсіпқой бокс жұлдыздары жеткілікті.
Бірінші күні ерлер 54, 57, 60, 63,5, 67 және 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Осылайша, 18 желтоқсанда көрермендер Олимпиада қатысушысы Серік Теміржанов, Нұрболат Бекбауов, жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан, жастар Олимпиадасының қатысушысы Талғат Шайкеннің, Канелоның бұрынғы спарринг-серіктесі Евгений Павловтың, Санатәлі Төлтаевтың және басқа да боксшылардың жекпе-жектерін көруге болады.
Күндізгі сессияның басталуы сағат 14.00-де. Кешкі жекпе-жектер сағат 18:00-де басталады.
Екі рингтен де жекпе-жектің тікелей трансляциясы Sport+ Qazaqstan телеарнасында, sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ YouTube-арнамызда қол жетімді болады.