Павлодарлық клуб жаңа жылға сыйлық алды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Ertis» футбол клубына жайлы автобус сыйға тартылды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
43 жолаушыға арналған Yutong маркалы автобустың шалқаймалы орындықтары және аяққа арналған жастықтары бар.
«Келер жылы «Ertis» футбол клубына 60 жыл толады. Аты аңызға айналған команданың мерейтойы қарсаңында бұл лайықты сыйлық болды. Біздің даңқты клубты жандандыруға көмектескен және сүйікті командамызға әлі де қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымды айтамын», - деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов.
Былтыр біздің ойыншылар екінші лиганың чемпиондары атанып, маусымды бірінші лигаға шығумен аяқтағаны мақтануға тұрарлық. Ендігі міндет - Премьер-лигаға оралу.