logo

«Жеңістің» құрамы «Атыраудың» футболшысымен толықты

«Жеңістің» құрамы «Атыраудың» футболшысымен толықты

26-жасар жартылай қорғаушы Аслан Әділ елордалық «Жеңістің» футболшысы атанды, деп хабарлайды Sport+.

2024 жылғы маусымда «Атырау» сапында Аслан Әділ барлық турнирлерде 28 матч өткізіп, 1 нәтижелі паспен көзге түсті. Кәсіби мансабы басталғалы Қазақстан чемпионаты аясында Әділ 89 ойын өткізіп, 7 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді. 

Бұған дейін футболшы «Жетісу» және «Каспий» командаларының намысын қорғады.