Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы «Жетісуға» қаралымға барады
Сол қапталда өнер көрсететін қорғаушы Мақсат Тайкенов талдықорғандық «Жетісуде» қаралымнын өтуге ұсыныс алды, деп хабарлайды Sport+.
Соңғы маусымын ақтаулық «Каспий» клубында өткізген 27-жасар Тайкенов 2021 жылы Қазақстан құрамасында дебют жасады.
Барлығы Қазақстан чемпионаты аясында ол 85 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 7 нәтижелі пастың авторы атанды.