«Елімай» шабуылшысы Өзбекстан чемпионатына ауысуға жақын

29 жастағы ресейлік шабуылшы Ислам Машуков «Елімай» сапынан Өзбекстанның «Андижан» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Шабуылшы Ислам Машуков кәсіби мансабын 2013 жылы Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсететін «Алания» клубында бастаған. 2015 жылы сол кездегі Грузия чемпионы «Дила» клубына ауысып, Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысқан. 2021-2022 маусымында ол «Аланияның» үздік сұрмергені атанды.
Ислам Машуков «Елімай» құрамын 2024 жылдың жазында толықтырды. Семейлік клуб сапында 12 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.