«Қайрат» қақпашысы Самородовтың командаласы атанады
23 жастағы ресейлік қақпашы Вадим Ульянов грозныйлық «Ахматының» құрамын толықтырады, деп хабарлайды Sport+ «ФНЛ с Ильевым» парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан чемпионы «Ахматқа» тегін ауысады — 23 жастағы қақпашы Ульяновтың «Қайратпен» келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталады, ол Ташуевтың командасын толықтырады. Вадим шешендік клубпен 3,5 жылға келісімшартқа қол қояды.
Өткен маусымда Ульянов Қазақстан чемпионаты аясында 22 матч өткізіп, 19 гол жіберді, сонымен қатар 8 рет қақпасын голдан аман сақтады, ал «Атыраумен» болған матчта қатарынан екі пенальти қайтара алды.