logo

Оразов «Силькеборгке» Конференция Лигасында көмектесе алмайды

Оразов «Силькеборгке» Конференция Лигасында көмектесе алмайды

Қазақстан құрамасының және даттық «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Конференция Лигасы матчына қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

8 тамызда «Силькеборг» өз алаңында Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын бельгиялық «Гентке» қарсы өткізеді.

Алайда Оразов матчқа қатыса алмайды, себебі өткен кездесуде, Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде норвегиялық «Мольдемен» болған ойында қызыл қағаз алған болатын. «Силькеборг» сол ойында 3:2 есебімен жеңіске жеткенімен, екі матчтың қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, «Гентпен» болатын ойын Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.



Күн шежіресі