Геворг Наджарян: «Ордабасы» қазіргі «Пюникті» жеңуге міндетті
«Атырау» командасының жартылай қорғаушысы, бұрын «Пюник» сапында ойнаған қазақстандық Геворг Наджарян Sport Plus Qazaqstan сайтына «Ордабасы» мен «Пюник» арасындағы Конференция Лигасы матчына болжамымен бөлісті.
«Білесіз бе, «Ордабасы» қазіргі «Пюникті» жеңуге міндетті. Иә, екі жыл бұрын олар әлдеқайда мықты болды, бірақ қазір, менің ойымша, олар қарқындарын азайтты. Сондықтан мен «Ордабасы» келесі кезеңге өтетіне сенімдімін», - деді Наджарян.