logo

Парижге грек-рим күресінен 4 балуан ғана барады

Парижге грек-рим күресінен 4 балуан ғана барады

Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінде грек-рим күресінен ел намысын қорғаған екінші балуанымыз да жолдамадан тыс қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

67 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Дінмұхамед Қошқар ширек финалда қарсыласына жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ол 1/4 финалында грузиялық Рамаз Зоидзедеге 4:9 есебімен есе жіберді.

Стамбулдағы әлемдік турнирге грек-рим күресінен 67 келі салмақта Дінмұхаммед Қошқар мен 97 келі салмақта Юсуф Мациев қатысқан болатын. 

Өкінішке қарай, екі балуанымыз да Париж олимпиадасының жолдамасына қол жеткізе алмады.



Күн шежіресі