Маис Алиев: Жеңіске жетуге асығып, жеңіліске ұшырадым
Қазақстандық балуан Маис Алиев Sport Plus Qazaqstan басылымына берген сұхбатында Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Қытай балуаны Шао Хуадан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді.
Бар күшімді салсам да, қарсыласымды жеңе алмадым. Дегенмен алда дайындалып, шеберлігімді шыңдаймын.
Не жетіспеді? Бәрі жақсы болды, бірақ мен асығыстық танытып қойдым. Мен оны жеңе алатын едім, оған күш-жігерім де жеткілікті, - деді М.Алиев.
Алиев 65 келі салмақта қытайлық Шао Хуа Юаннан 15:16 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) турнирдің жартылай финалына өтіп, Париж олимпиадасына жолдама алуға бір табан жақындады.