logo

Өзбекстанға Олимпиада жолдамасын сыйлаған қазақ қызы тарихи жетістігі туралы айтты

Өзбекстанға Олимпиада жолдамасын сыйлаған қазақ қызы тарихи жетістігі туралы айтты

Өзбекстанға әйелдер күресінен тұңғыш Олимпиада жолдамасын сыйлаған қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева тарихи жетістігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ақтеңге Кеунимжаева 1999 жылы Өзбекстан құрамындағы Қа­ра­қал­пақстан Республикасының астанасы Нө­кіс қаласында дүниеге келген. Ұлты – қа­зақ.

Ол жақында Бішкекте өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Өзбекстан атынан бақ сынып, Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Осылайша, Өзбекстан тарихында әйелдер күре­сі­нен жолдама иеленген алғашқы спортшы атанды.

«Ішім­нен «Ел істемегенді мен істеймін, елдің қолынан келмегенін мен іске асырамын» деп ойлап жүретінмін. Мұның қолымнан келетінін сездім, өз-өзіме сендім. Бардым. Күрестім. Дегеніме жеттім. «Олимпиадаға жолдама алған тұңғыш қызбын», «Жалғыз балуанмын» деп көкірегімді керіп, асыра сіл­теуден қорқамын. Сол үшін де жаңа­лық­тарды көп оқымауға тырысамын.

Дегенмен алда іріктеу турнирлері бар. Құдай қаласа, біз­дің қыздар онда ел намысын абыроймен қор­ғап, жолдама ұтып алады деп сенемін. Қа­зақстанға да соны тілеймін.

Шыны ке­рек, Бішкекте Жәмила Бақбергенова жол­даманы қалтасына басар деп ойлаған едім. Жұлдыз Ешімова да жақсы күрескен. Екі Олим­пиадаға қатысқан мықты атлет.

Алай­да қазақстандық балуан қыздар жолдама ие­лене алмады. Бұйырса, бола жатар», – деді Ақтеңге Кеунимжаева.