«Орда» көшбасшылықты қайтара ала ма? «Ордабасы» — «Ұлытау» матчының трансляциясы

«Орда» көшбасшылықты қайтара ала ма? «Ордабасы» — «Ұлытау» матчының трансляциясы

Бейсенбі күні «Қайрат» «Оқжетпесті» жеңгеннен кейін Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді. Алайда олардың басты бәсекелестерінің қорында әзірге үш ойын артық бар.

16-тур аясында «Ордабасы» өз алаңында «Ұлытауды» жеңсе, қайтадан турнир кестесінің көшін бастауы мүмкін. Бір апта бұрын бұл командалар Жезқазғанда кездесіп, онда шымкенттік клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, Андрей Мартиннің шәкірттері — биылғы маусымда Қазақстандағы бірде-бір матчта жеңілістің ащы дәмін татпаған жалғыз команда.

Матч 20:00–де басталады. Кездесудің тікелей көрсетілімі Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі