«Алтай» Македония құрамасының шабуылшысымен келісімшартқа отырды
Өскеменнің «Алтай» клубы Солтүстік Македония құрамасының 28 жастағы шабуылшысы Дарко Додевпен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футболшының соңғы клубы Солтүстік Македонияның «Силекс» командасы болды. Бұған дейін Дарко Додев «Вардар», «Шкупи», «Работнички» және Албанияның «Влазния» клубтарының намысын қорғаған.
28 жастағы футболшы еурокубоктарда өнер көрсету тәжірибесіне ие және Солтүстік Македония ұлттық құрамасына шақырту алған.