Туған клубына қарсы алғашқы матч: «Алтай» – «Тобыл» ойынының тікелей эфирі

Туған клубына қарсы алғашқы матч: «Алтай» – «Тобыл» ойынының тікелей эфирі

«Тобыл» бірінші айналымды «Алтайды» 3:1 есебімен жеңіп аяқтады. Енді екінші айналым Өскемендегі қарымта кездесумен басталады.

Вахид Масудовтың шәкірттері өткен аптада құрамын күшейте түсті. Бұған дейін сапқа қосылған Эльгуджа Лобжанидзеге шабуылшы Дарко Донев пен украиналық қақпашы Данило Кучер келіп қосылды. Кучер «Елімайға» ауысқан ресейлік Иван Коноваловтың орнын басты.

«Тобылдың» басты трансферлік жаңалығы — шотландиялық «Хартс» клубынан Ислам Чесноковтың оралуы. Бұл кездесу ол үшін ерекше болмақ, өйткені Қазақстан Премьер-лигасы аясында туған клубына қарсы алғашқы ойынын өткізеді.

Матч 4 шілде күні өтеді. Басталуы — сағат 17:00–де. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі