Қарағандылық «Шахтер» Диас Қалыбаевпен келісімшартқа қол қойды
Қарағандылық «Шахтер» клубы 26 жастағы қазақстандық шабуылшы Диас Қалыбаевпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маусымның алғашқы бөлігінде шабуылшы «Тараз» сапында өнер көрсетіп, 9 матчқа қатысып, 3 голдың авторы атанды.
Бұл — Қалыбаевтың «кеншілер» сапына алғаш рет оралуы емес. Өткен маусымда ол қарағандылық клубтың намысын қорғап, 22 матч өткізіп, 9 гол соққан болатын.