logo

Валерий Громыко: Кержаков шабуылға көп мән береді, бұл маған ұнайды

Валерий Громыко: Кержаков шабуылға көп мән береді, бұл маған ұнайды

«Қайрат» клубының жаңа футболшысы Валерий Громыко Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында жаңа командаға ауысу және Қазақстан чемпиотының деңгейі туралы айтты.

- Ресейлік «Торпедо» командасына ауысқаныңыздан кейін, маусымның бірінші бөлігінде негізгі ойыншылардың бірі болдыңыз. Маусымның екінші жартысында не себепті алаңнан сирек көріне бастадыңыз?

- Ия, командада негізгі ойыншылардың бірі болдым. «Торпедо» - тарихы терең клуб. Жанкүйерлері де баршылық. Алайда, маусым ортасында басшылық пен бапкерлік құрам ауысты. Жаңа адамдармен біз тіл табыса алмадым. Сол себепті клубтан кетуге мәжбүр болдым.

- Неліктен минскілік «Динамоның» орнына «Қайсарды» таңдадыңыз?

- Бірінші кезекте чемпионаттың деңгейіне қарадым. Менің ойымша, Қазақстан Премьер-лигасы Беларусь чемпионатына қарағанда мықты, сондықтан таңдауым қызылордалық ұжымға түсті.

- «Қайратқа» ауысу кезінде шешуші фактор не болды?

- Алматылық команданың маған қызуғушылығы бар екенін бір ай бұрын білдім. Нақтырақ олар маған ауысудан бір апта бұрын хабарласты. Алматылық клуб - тарихы және инфрақұрылымы бар  елдегі мықты клубтардың бірі. Футболшының дамуына барлық жағдай жасалған.

- Александр Кержаковпен жұмыс жайлы қандай пікір айта аласыз?

- Әр бапкердің футболға деген көзқарасы әртүрлі. Александр Анатольевич шабуылға көп мән береді. Ал қалғаны біздің ақпаратты қабылдап, алаңда өнер көрсетуімізге байланысты. Шабуылға мән берілетін футбол маған ұнайды. Сол себепті командада өзімді жақсы сезінемін.

- Егер Қазақстан Премьер-лигасын ресейлік ФНЛ және Беларусь чемпионатымен салыстырсақ?

- Қазақстан чемпионаты ФНЛ-мен деңгейлес. Алаңдағы талас-тартыс, ойын қарқына ұқсас. Беларусь чемпионатының деңгейі Қазақстаның чемпионатынан әлдеқайда төмен. Егерде мықты командаларды алмасақ.

- Қазіргі уақытта сіз үздік сұрмергендер қатарындасыз. Қазақстан чемпионатында екінші тынысыңыз ашылды деп айтуға бола ма?

- Гол салып немесе нәтижелі пас беріп, бұл еңбегім команданы жеңіске әкелгені мен үшін маңызды. Ал сұрмергендер тізімін қарай бермеймін. Мен үшін команданың жеңісі маңызды. Екінші тынысым ашылды деп те айта алмаймын, осы уақытқа дейін де голдар соғып жүрдім.