logo

Футболдан Париж Олимпиадасының финалында кімдер ойнайды

Футболдан Париж Олимпиадасының финалында кімдер ойнайды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында футболдан жартылай финалдық кезеңінің матчтары аяқталып, финалистер анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Финалға Франция құрамасы мен Испания құрамасы шықты. Енді екі команда арасындағы финалдық матч 9 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де өтеді.

Жартылай финалда Франция футбол құрамасы Мысырды 3:1 есебімен қосымша уақытта жеңіп, Олимпиада ойындарының финалына шықса, Испания құрамасы Марокконы 2:1 есебімен жеңіп, екінші финалист атанды.

Ал Мысыр пен Марокко арасындағы қола жүлде үшін болатын кездесу 8 тамызда сағат 18:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.



Күн шежіресі