Олжас Абраев Sport Plus медиа-тобының бас директоры болып сайланды
«Sport+» медиа-тобы - бұл тез дамып келе жатқан стартап, оның міндеті Қазақстанда және ҚР-нан тыс жерлерде бәсекеге қабілетті және қызықты спорттық медианы құру, отандық спортшыларды қолдау және спортты танымал ету болып табылады.
Медиа-топтың алдағы жоспарларында - жұмыс істеп тұрған телеарна мен жаңалықтар порталы үшін мобильді және смарт тв-қосымшалар құру, ұлттық және халықаралық спорт федерацияларымен ынтымақтастық жөніндегі стратегиялық бағыттарды дамыту, сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде медиа-нарықтарды талдау және жобаны халықаралық деңгейге біртіндеп шығару.
- Осындай болашағы зор жобаны басқару мен үшін үлкен мәртебе! «Sport+» және жобаның бүкіл командасы – бұл қысқа мерзімде спорттық медианы қалай сауатты құруға және мақсатты бірден жоғары деңгейге шығарудың жақсы мысалы. Мен медиа-топпен жұмыс істеуге барлық тәжірибемді, білімім мен дағдыларымды, сонымен қатар халықаралық спорт ұйымдарымен байланыстарымды ұсынуға дайынмын. Біздің ортақ мақсатымыз – федерациялардың, спортшылардың, жанкүйерлердің және жалпы барлық спорт әуесқойларының мүдделері қиылысатын заманауи медиа-алаң салу, - деді Олжас Абраев.
Олжас Абраев әртүрлі кезеңдерде Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасын басқарды, Қазақстан футбол федерациясының бірінші Вице-президенті және Бас хатшысы лауазымдарында қызметті істеді. УЕФА-ның қазіргі матч делегаты және ФИФА комиссары. ҚФФ Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі. УЕФА маркетинг жөніндегі консультативтік комитетінің құрамына кірді, қазіргі уақытта УЕФА ойыншылардың мәртебесі, трансферлер мен агенттер комитетінің құрамына кіреді.