logo

«Ирина Қайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов: Инфрақұрылым, көлеңкелі ойындар – қазақ футболының мәселелерінің бірі

«Ирина Қайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов: Инфрақұрылым, көлеңкелі ойындар – қазақ футболының мәселелерінің бірі

«Ирина Қайратовна» музыкалық тобының мүшесі және павлодарлық «Ертістің» жанкүйері Алдияр Жапарханов Sport Plus Qazaqstan тілшісі берген сұхбатында отандық футболдың мәселелері туралы пікір білдірді.

- Қазақ футболының мәселелері әлі де сол күйінде қалып отыр. Инфрақұрылым, көлеңкелі ойындар. Жастарға деген сенімсіздік және біздің футболда бұрыннан қалған стереотиптер бар деп күдіктенемін. 2020 жылы «Ертістегі» мәселелер қазақстандық футболдың жағдайын көрсетті. Барлық мәселелерді қайталап айтудың қажеті жоқ сияқты, - деді белгілі әртіс.