logo

Ризабек Айтмұхан: Олимпиада ойындарына қатысу үшін 97 кг салмақта өнер көрсетуге дайындалудамын

Ризабек Айтмұхан: Олимпиада ойындарына қатысу үшін 97 кг салмақта өнер көрсетуге дайындалудамын

Қазақстандық палуан, еркін күрістен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Sport Plus Qazaqstan телеарнасының құрметті қонағы болды.

- Мен Әлем чемпионатында 92 кг салмақта өнер көрсеткеннен кейін, алдағы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 97 кг салмақта өнер көрсетуге дайындалып жатырмын. Біздің елде Олимпиада ойындарына лицензия жоқ, бірақ мен оны алу үшін бар күшімді саламын, - деді Ризабек алдағы жоспарлары туралы.  

Ризабек Асу Алмабаевқа UFC-дегі кезекті жекпе-жектің алдында тілек білдірді:  

- Асу ағамыз сынды UFC-де жұдырықтасып жүрген файтерлер Қазақстанның атын шығаруда. Мен оның жақсы қасиеттерін алуға тырысамын. Ол - өте мықты, ақылды, көңілді. Ол UFC-дің чемпионы болуға лайықты. Біздің жігіттердің бәріне сәттілік тілеймін!  

Сонымен қатар біздің батыр жастарға кеңес берді:

- Ең алдымен өзіңнің ата-анаңды және бапкерінді құрметтеу білу керек. Содан соң шаршамай еңбек ету қажет. Және де тәртіпке бағыну керек. Тәрбіп болмаса, сен жасаған еңбектің бәрі – бос. Осы талаптарды сақтамай биік шыңдарды бағындыру мүмкін емес, - деді қазақ палуаны.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SPORT+ QAZAQSTAN (@sportplustv.kz)